Айта кетейік, партияның орталық кеңсесінде "Кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы" заң жобасы бойынша жиын өтіп, оған Ұлттық эконмика вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысты. Фракция депутаттары заң жобасын толықтыруға ұсыныстар айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Пандемия кезінде кәсіпкерлерге жұмыс істеуге тыйым салынды. Әсіресе, сауда-саттық саласында. Мысалы, Қарағанды облысы Теміртау қаласында шағын дүкенге бір айда 18 рет тексеру жүргізілген екен. "Ақыр соңында дүкенді жауып тындым. Айыппұл төлеу үшін ғана жұмыс істеп жүрген секілдімін" деді оның иесі", – деді Азат Перуашев.
Оның айтуынша, карантин кезінде кәсіпкерлер онсыз да тығырыққа тіреледі.
"Айтқым келгені мынау. Пандемия кезінде кәсіпкерлік нысандарды тексеруге бағытталған "Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар", "Акцизделетін тауарларды таңбалау" сынды көптеген пилоттық жобаларды тоқтата тұрсақ. Әйтпесе кәсіпкерлер зертханадағы қоян секілді болудан мезі болды. Олар отбасын асырайды, жұмыскерлеріне еңбекақ төлейді, салық төлейді, несиелерін жабады. Онсыз да тығырыққа тірелген кездерде пилоттық жобалар тоқтала тұруы керектігі осы жоғарыда аталған заңда жазылғанын қалаймыз. Әрине, оны шенеуніктік тілмен қалай көрсететіндеріңізді білмейміз, бірақ заңда осы мәселе қамтылуы керек", – деді Азат Перуашев.