Кәсіпкерлер жарнама туралы заңға өзгерту енгізуді талап етуде

1034

Кәсіпкерлер жарнама туралы заңға өзгерту енгізуді талап етуде

Алматылық кәсіпкерлер мен қалалық сәулет және құрылыс басқармасы арасында сыртқы жарнамаға байланысты келіспеушілік туындап отыр. Сыртқы жарнаманы дұрыс орнатпағаны үшін кәсіпкерлер айыппұл төлеуге мәжбүр. Олар бұл шешімді заңсыз деп санап, қалалық кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Кәсіпкерлер тек көкөніс пен жеміс-жидек саудаланатындығы туралы маңдайшадағы жазу үшін мемлекеттік кірістер департаментінен 550 мың теңге айыппұл төлеу керектігі жөнінде ескерту алған. Ал "Жарнама туралы заңның" 11-бабының 1-тармағында "Маңдайшадағы ақпараттық жазу сыртқы жарнама болып саналмайды" деп жазылған. 

- Жеке бір шенеуніктің жасап жатқаны болса, біз прокуратураға жазамыз, шара қабылдаймыз. Егер ол дұрыс жасап жатса, бірақ заңда қате болса, онда біз заңды ауыстырамыз, деді кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер кездесуінде кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Тілек Байқабылов.
Кездесуде екі жақ заңның олқы тұстарын айтып, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек деген тұжырымға келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу