Кәсіпкерлер жер учаскелерін Үкіметке қайтарады

799

Қызылорда облысындағы кей кәсіпкерлер де бірінен кейін бірі жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.      

 Кәсіпкерлер жер учаскелерін Үкіметке қайтарады

Тиісті жұмысты лайықты деңгейде атқармауы салдарынан өңірдегі индустриалды аймақта 20-ға жуық жоба тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, жиынтығы 60 жобаға 259 гектар жер телімі берілген. Алайда оның 22-сі ғана тұрақты жұмыс істеп тұр.  Нәтижесінде бюджетке 4 миллиард теңге түсіпті. Бұл қазынаға қайтарылуы тиіс қаржының 80 пайызы ғана. Ал сегіз жылдан бері жобаларын жүзеге асыра алмаған бизнесмендер енді жер учаскелерін үкіметке қайтарулары тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу