Кәсіпкерлер жыл соңына дейін арендалық төлемнен босатылады

1019

Ұлттық экономика министрлігі жаңа бұйрыққа қол қойды.  

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін арендалық төлемнен босатылады

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін арендалық төлемнен босатылады, деп хабарлайды Atameken Business  

Құжатқа сәйкес, жеңілдік мемлекеттік мекемені жалға алған шағын және орта кәсіп иелеріне берілген. Бұған дейін бизнесті қолдау ретінде жалдау ақысы 20-шы наурыздан бастап 3 айға тоқтатылған болатын. Енді міндетті алымдар 31 желтоқсанға дейін қайта шегерілді. Осыған орай, карантиннен зардап шеккен іскер азаматтарға 9 ай көлемде қаржы үнемдеуге мүмкіндік берілуде. Ал осы күнге дейін алынған төлемдер келер жылдың жалдау ақысы ретінде қарастырылмақ.  Министрлік бұйрығы 14 қазанда күшіне енді. Кәсіпкерлер өз өтініштерін  gosreestr.kz порталында қалдыра алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу