Кәсіпкерлер жыл соңына дейін жалға алу ақысынан босатылады

1105

Министрлік бұйрығы 14 қазанда күшіне енді. 

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін жалға алу ақысынан босатылады

Кәсіпкерлер жыл соңына дейін жалдау ақысынан босатылады. Ұлттық экономика министрлігі жаңа бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Atameken Business.

Құжатқа сәйкес, жеңілдік мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға алған шағын және орта кәсіп иелеріне берілген. Бұған дейін бизнесті қолдау ретінде жалдау ақысы 20 наурыздан бастап 3 айға тоқтатылған болатын. Енді міндетті алымдар 31 желтоқсанға дейін қайта шегерілді. Осылайша, іскер топ мемлекет ұсынған 9 айлық жеңілдік арқылы 3,6 млрд теңге үнемдей алады.

Министрлік бұйрығы 14 қазанда күшіне енді. Кәсіпкерлер өз өтініштерін  gosreestr.kz порталында қалдыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу