Кәсіпкерлерден 5,5 млрд теңге өндірілді

Қазіргі уақытта ел аумағындағы ең ірі такси агрегаторының қызметтерін ұсынатын Яндекс таксиге, "Мобайл телеком сервис" байланыс операторына (Теле 2) қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде тергеу жүргізілуде. 

Кәсіпкерлерден 5,5 млрд теңге өндірілді

Биыл ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілерінің алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу міндеттерін іске асыру мақсатында кешенді шараларын қабылдауда. 

Бұл туралы ведомство төрағасының орынбасары Болат Самбетов ОКҚ брифингінде мәлім етті. 

"Биылғы жылдың өткен кезеңінде монополияға қарсы орган нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың атына бұзушылық белгілерінің болуы туралы 442 хабарлама шығарды, оның ішінде 330 орындалды. Ескертулер кәсіпкерлерге бұзушылық белгілерін өз еркімен жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, олар монополияға қарсы тергеп-тексерілмейді. Сонымен қатар, 118 тергеу аяқталып, 95-не қатысты әлі тексреулер жүріп жатыр", - деді Болат Самбетов.

Мемлекет пайдасына 5,5 млрд теңгеден астам сома өндірілді.

"Қазіргі уақытта ел аумағындағы ең ірі такси агрегаторының қызметтерін ұсынатын Яндекс таксиге, метрология және тауарлардың сәйкестігін растау қызметтерін көрсететін Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығына, "Мобайл телеком сервис "байланыс операторына (Теле 2) және дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын Петросанға қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде тергеу жүргізілуде", - деді Болат Самбетов.

Тергеу қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу