Кәсіпкерлерден пара алып келген көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

1880

Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлерден пара алып келген көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

Бөлім басшысы мен оның екі қызметкері 2021 жылдан бері кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып отырған.

"Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді олардың кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу