Кәсіпкерлерден санитарлық мыңдаған тұсау сыпырылуда

663

Кәсіпкерлерден санитарлық мыңдаған тұсау сыпырылуда

Енді қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 50 шаршы метрден төмен кәсіпкерлік нысандарда тексеріс жұмыстарын жүргізбейді, деп хабарлайды abctv.kz.

Бұл нысандардың қатарына кішігірім сән салондары, тамақтану орындары, сауда орталықтары және моншалар кіреді. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау ведомствосында "Бизнесті қолдау бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қабылданып жатқан шаралар туралы" тақырыбында өткен брифингте министрліктің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары – еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған мекемелерде тұрғындардан арыз-шағым түскенде ғана жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Сондай-ақ, комитет алдағы уақытта гипермаркеттерді де өз бақылауынан шығаруды жоспарлап отыр. Ал, сауда нарығында камералық бақылау және өнімді таңдау жұмыстары қатаң жүргізілетін болады. Биыл эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары өнімді тексеру мақсатында сатып алу үшін мемлекеттен 60 млн теңге бөлінген. Оның осы айға жоспарланған 900 мың теңгесі толығымен жұмсалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу