Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген 1 теңге субсидия бюджетке 6 еселеніп қайтады

733

Бірінші жартыжылдықта "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 334 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл мақсатқа 142 млрд теңге жұмсалды. Жыл соңына тағы 724 жобаға 424 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген 1 теңге субсидия бюджетке 6 еселеніп қайтады

Үкімет басшысының айтуынша, "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы  аясында 492 млрд теңгені құрайтын 23 мың жоба жүзеге асырылған. Жыл аяғына дейін 1,2 трлн теңгені құрайтың 32 мың жобаға қолдау көрсетіледі. 

"Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген 1 теңге субсидия бюджетке салық түрінде 6 еселеніп қайтады", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу