Кәсіпкерлерді прокуратура органдары тексермейтін болады

645

Кәсіпкерлерді прокуратура органдары тексермейтін болады

Қазақстанда прокуратура органдары бизнесті мүлдем тексермейтін болады. Бұл туралы кеше "Атамекен" КҰП-тың IV съезі барысында ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды naryk.kz.

"Тексеру нәтижесіне сәйкес, бақылау-қадағалау қызметі қысқару үстінде. Жеті жылдың ішінде тексерулер 5 есеге азайды. Прокуратура туралы жаңа заңға сәйкес, бизнесті тексеруден мүлдем бас тартпақпыз. Олар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше жағдайлар болғанда ғана жүргізіледі", – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, соңғы 18 жыл бойы тексерулерді прокуратура органдары  тіркеп келеді. Қазіргі уақытта тіркеу тәуекелдерді бағдарлауға арналған ІТ жүйеге көшірілуде.

"Қамқор" деп аталатын мобильді қосымшаны іске қостық. Кәсіпкердің ұялы телефонына барлық мәліметтермен бірге тексеру туралы СМС хаттама келіп түседі. Барлығына қолжетімді тексеру картасы бар. Онда кімнің көп бұзушылыққа барғаны көрсетіліп тұрады", – деп атап өтті Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу