Кәсіпкерлерді сотталушылармен бірге бизнес бастауға шақырды

789

300 кәсіпкер 3 мыңнан астам сотталушыны жұмысқа қабылдады.  

Кәсіпкерлерді  сотталушылармен бірге бизнес бастауға шақырды

Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов кәсіпкерлерге колониялардан өндіріс алаңдарын ұсынды.

Оның мәлімдеуінше, ауданы 390 мың шаршы метрді құрайтын колонияның

40%-ы бос тұр.

"Кәсіпкерлерді 110 мың шаршы метр аумақта сотталғандардың күшімен бизнес бастауға шақырамыз. Бас бостандығынан айырылған адамдарды жұмыспен қамтып, оларға лайықты еңбекақы төлейтін кәсіпкерлермен келісімге келуге әзірміз", – деді комитет төрағасының орынбасары.

Есқали Саламатов кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

"Алдағы уақытта қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанынан кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесін құрамыз. Аталмыш кеңес кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау көрсетеді", – деді ол.

Оның дерегінше, бүгінге дейін ел аумағындағы 300 кәсіпкер 3 мыңнан астам сотталушыны жұмысқа қабылдаған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу