Кәсіпкерлердің 190 млрд теңгеге жуық несие төлемі кейінге шегерілді. Қаржы агенттігінің дерегінше, мұндай жеңілдікке бизнес субъектілердің тең жартысы ие болған. Бұл төтенше жағдай енгізілгеннен бергі көрсеткіш, деп хабарлайды Atameken Business.
Алғашқы карантиндік шектеу барысында 12 мыңнан аса кәсіп иесінен өтініш келіп түскен. Мемлекет көмек ретінде 164 млрд теңгесін кейін төлеуге мүмкіндік берген. Ал соңғы үш айда тағы мұндай жеңілдікке 3300 кәсіпкер жүгінген.
Үкімет пандемиядан зардап шеккен салаларға қол ұшын беруді жалғастырмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапырмасына сәйкес, енді бизнес өкілдерінің барлық несие мөлшерлемесі субсидияланады.