Кәсіпкерлердің 80 пайызы банктен несие ала алмай отыр

1262

Сол үшін екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнеске арнап жеңілдетілген несие түрін ұсыну қажеттігін алға тартты.

Кәсіпкерлердің 80 пайызы банктен несие ала алмай отыр

Қазақстанда кәсіпкерлердің 80 пайызы банк несиесін ала алмай отыр. Себебі бизнес өкілдеріне қойылатын талап тым жоғары. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Халық банкімен бірлесе өткізген жиында айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Сол үшін екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнеске арнап жеңілдетілген несие түрін ұсыну қажеттігін алға тартты. Халық банк басшылары болса, ай сайын кәсіпкерлерге 60 млрд теңге көлемінде қарыз береміз деп отыр. Алдағы уақытта бұл мөлшер арта түспек. Бұдан бөлек  кәсіпкерлер тарапынан ұлттық палатаға соңғы 2 айда мыңнан аса өтініш кеп түскен. Бизнес-жобаның 44-і мақұлданып, 100-і қарастырылу үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу