Кәсіпкерлердің 87 млн теңгесін тартып алған қылмыстық топ ұсталды

1182

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, "А" арнайы мақсаттағы қызметін қатыстырумен аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.  

Кәсіпкерлердің 87 млн теңгесін тартып алған қылмыстық топ ұсталды

Тексеру барысында 2020 жылғы қазан-қарашада топ мүшелері Ақтөбе қаласына Беларусь және Қазақстан кәсіпкерлерін алдап шақырып, психологиялық және күшпен қысым көрсету арқылы бизнесмендердің 87 млн теңгесін тартып алған.

"Күдіктілер Мәскеу қаласынан ірі инвестициялық компанияның басшысын  шақырып, осыған ұқсас жолмен 500 мың АҚШ долларын иемденуді жоспарлаған. Бірақ жоспарлары жүзеге аспай, топты басқарған Қазақстан азаматы мен 4 белсенді мүшесі – Ресей Федерациясының азаматтары ұсталды. Тінту барысында 3 Калашников автоматы, электршокерлер, бетперделер, банк карталары, ұялы телефондар мен қылмыс жасаудың басқа да құралдар-жабдықтары табылып, алынды", – деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

ТҰҚТ мүшелеріне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу