Кәсіпкерлердің дені нарыққа шығудың ережесін білмейді

1474

ЕАЭО аясында бизнесмендер тап болатын кедергілердің жартысы заңсыз.

Кәсіпкерлердің дені нарыққа шығудың ережесін білмейді

Кәсіпкерлердің көбі нарыққа шығудың ережесін білмейді. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі Серік Жұманғаринның сөзінше, қазір тауардың сапасына қойылар шарт өзгеріп, бәсекелестік деңгейі артты. Сол үшін, бизнесмендер жаңа технологиялар тартып, біліктіліктерін арттыруға тиіс, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, алқа мүшесі одақ аясында бизнесмендер тап болатын кедергілердің жартысы заңсыз екенін айтты. Бұл тұрғыда арыз жазылып, шағымдар комиссия қарауына шығарылады. Кедергі жасап отырған мемлекетке қатысты шешім қабылданады. Олар үш айдың ішінде орындамаған жағдайда, кеңес қарауына жіберіледі деді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу