Кәсіпкерлердің IV республикалық форумы басталды

1147

2020 жылға арналған жол картасына қол қойылады. 

Кәсіпкерлердің IV республикалық форумы басталды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп өткізіп жатқан жиында палата мен агенттіктің былтыр қабылдаған жол картасы аясында атқарған жұмыстарының  қорытындысы жарияланады. Сонымен қатар "Сатып алулардың бірыңғай терезесі" (eoz.kz) порталының жұмыс істеу нәтижесі мен мемлекеттік органдардың барлық деректер базасымен біріктірілген кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-тізілімін құру туралы есеп беріледі.

Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ербол  Өстеміров баяндама жасайды. 

Шара шеңберінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асырудың 2020 жылға арналған жол картасына қол қояды. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу