Кәсіпкерлердің құқығын бұзған "SHYMKENT" ӘКК-не ірі көлемде айыппұл салынды

446

Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы жазды.

Кәсіпкерлердің құқығын бұзған "SHYMKENT" ӘКК-не ірі көлемде айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

"SHYMKENT" "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 105 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша "SHYMKENT" "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ кәсіпкерлермен келісімшарт жасау кезінде шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін әртүрлі пайыздық айыппұлдар қолданғаны анықталды.

Мысалы, ЖШС-нің бірімен бірлескен қызмет туралы жасалған келісімге сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі құқық бұзушылықтар үшін ӘКК 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуді міндеттеген, ал осыған ұқсас бұзушылықтар үшін басқа ЖШС-ге 5% қолданылған.

Айтарлықтай айырмашылық пен әртүрлі шарттардың талаптарын қолдану кәсіпкерлердің құқығын өрескел бұзған.

Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабына сәйкес үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің басқа тұлғалардың заңды құқықтарын бұзатын әрекеттеріне тыйым салынады.

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураның уәждерімен келісіп, ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ кінәлі деп тауып, 104,7 млн. теңге айыппұл салды (нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы).

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу