Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдауға қолжетімділігі артады

717

Экспортты әртараптандыруға басымдық беріледі.

Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдауға қолжетімділігі артады

Нарықты монополиядан шығару, әкімшілік және экономикалық кедергілерді жою, сонымен қатар бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай терезесі құрылады. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді.

Оның сөзінше, бұл бастама кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдауға қолжетімділігін арттырады.

"Болашақта жекешелендіруге жататын нысандардың қатары көбейеді. Агроөнеркәсіптік кешен бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Жыл соңына дейін су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленеді. Өнеркәсіп және құрылыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, қайта өңдеу өнеркәсібін тиімді дамыту, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады", – деді министр.

Руслан Дәленовтың айтуынша, қосылған құнның жаһандық тізбегіне ену сонымен қатар экспортты арттыру және әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылады. Бұдан бөлек тұрғын үй салу мен инфрақұрылымды сапалы дамытуға басымдық беріледі", – деді ол.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу