Сататын тауарларының қауіпсіздігі үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігі артатын болады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі жөнінде осылай деді. Оның айтуынша жарнамаларды орналастыру талаптарын күшейту, оны орналастыру уақытының шындыққа сәйкестігін анықтау жұмыстары жүргізілмек. Ал Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының басқарма төрайымы Светлана Романовская болса үкіметке жоғары және орта оқу орындары мен мектептерге тұтынушылар құқығын қорғау пәнін енгізу керек деген ұсыныс тастады. Бұл әрбір саладағы тұтынушылар тобының сауатын ашып, өз құқығын қорғауына себеп болмақ, - дейді Ұйым төрайымы. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев та министрлерге аталмыш мәселені қатаң назарға алуды тапсырды.
Светлана Романовская, Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының басқарма төрайымы:
"Әр елдің тиімді тәжірибесін қолдану керек. Бізде халық өзінің құқығын білмейді. Мысалға көптеген сауда орталықтары әсіресе базарлар чек бермейді. Ал тауарды сатып алушы оны талап етпейді. Мысалға 3 апта көлемінде тауарды алмастырып алуға немесе ақшаны қайтарып алуға болады әркім бұл құқығын қолдана бермейді"
Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік органдар 23 мыңнан астам өтінішті қараған. Тұтынушыларддан келліп түскен 4486 арыз-шағым, яғни жалпы өтініштердің 19 пайызы Ұлттық экономика минитрлігіне түссе, 56 пайызы Ұлттық банкке, 11 пайызы денсаулық сақтау саласына тиесілі.