Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретіндерге жаза күшейтілді

745

Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретіндерге жаза күшейтілді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретіндерге жаза күшейтілді

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Ал құқық қорғау органдарының басшылығы мен  судьялардың осындай әрекетке баруы - тіптен қатаң жазаланбақ. Олар 8 жылға дейін сотталуы ықтимал. Алушылармен қатар, параны берушілер үшін де айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге өсті. Яғни параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Мысалы, егер адам 100 мың теңге пара бергені үшін сотталған болса, онда оған ең төменгі айыппұл ретінде сотпен тағайындалған айыппұл мөлшері 2 млн теңгені құрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу