Кәсіпкерлерге 7 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

429

Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға эмиссия үшін салықтың жоғарылатылған сомасын өндіру фактілерін анықтады. 

Кәсіпкерлерге 7 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды Фото: Inbusiness.kz

Осылайша, салық 2020 жылғы 8 сәуірде нақтыланған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша есептелген, алайда  1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері бойынша қолданылуы тиіс болған.

Нәтижесінде, қолданылатын АЕК мәндері арасындағы айырмашылық 127 теңгені немесе 2 651 теңгеден 2 778 теңгені құраған.

Салық төлеушілердің бюджетке төленетін міндетті төлем мөлшерін дұрыс есептеу міндеттеріне қарамастан, олар прокурордың араласуына дейін бұзушылықтарды жою бойынша шараларды өз бетінше қабылдамаған.

Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыну бойынша 182 кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары қорғалып, оларға 7,2 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды, ал салықтарды есептеудің негізсіз тәжірибесі жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу