Кәсіпкерлерге арналған 20 цифрлық қосымша қызмет түрі енгізіледі

228

Салық пен кірісті есептеуді жеңілдеткен "E-Salyq Business" мобильді қосымшасын 10 мыңға жуық такси жүргізушісі қолданады.

Кәсіпкерлерге арналған 20 цифрлық қосымша қызмет түрі енгізіледі Фото: canva.com

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында салықтық, кедендік әкімшілендіруді жетілдірудің перспективалық жоспары туралы баяндама барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"E-Salyq Business" мобильді қосымшасы, арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге салық есептілігін ұсынудан бас тартуға мүмкіндік берді. Бағдарлама кірісті автоматты түрде анықтайды және салықты есептейді. Мобильді қосымша 2023 жылы қыркүйекте платформалық жұмыс істеу бойынша пилоттық жобаны іске қосуға мүмкіндік берді. Бірінші кезеңде Яндекс Таксимен Ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Қазірдің өзінде Астана, Алматы қалаларында 10 мыңға жуық такси жүргізушісі жобаға қатысуда", - деді ол.

Сондай-ақ бүгінде, цифрлық шешімдердің ауқымын кеңейту бойынша әзірлемелер жүргізілуде.

"Осы мақсатта кәсіпкерлеріміздің пікірін ескере отырып, биыл тағы 20 қосымша қызмет түрін енгізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, азаматтардың салықтарды есептеуге және оларды есептеудің дұрыстығына аз уақыт жұмсауы үшін фискалдық шараларға екпін бермей, проактивті модельге көшу жүзеге асырылды", - деді Такиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу