Кәсіпкерлерге арналған толықформаттағы қызмет көрсету орталығы құрылады

549

Кәсіпкерлердің сәйкес құжаттар пакетін ұсыну арқылы барлық қызметті бір жерден алуға мүмкіндігі болады.

Кәсіпкерлерге арналған толықформаттағы қызмет көрсету орталығы құрылады

Орталық қызметінің негізгі мақсаты бизнеске қызмет көрсету, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметінше, орталықтың ашылуы әкімшілік кедергілерді төмендетіп, кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді жүйесін дамытуға, жемқорлық фактілерінің алдын алуға, бизнес алдында ашық мемлекет құруға септігін тигізеді. 

"Кәсіпкерлер сәйкес құжаттар пакетін ұсыну арқылы барлық қызметті бір жерден алуға мүмкіндігі болады", – дейді ресми хабарламада. 

Басқарма айтқандай бүгінде астанада шағын және орта бизнеске арқа сүйейтін қала экономикасының жеткілікті құрылымы қалыптасқан. Қаланың негізгі инвесторлары шағын кәсіпорындар: төрттен үш бөлік инвестицияның барлығы – шағын кәсіпкерліктің үлесі.   

Астанада ай сайын 1400 ШОБ субъектілері құрылады. Қазір қолданыстағы ШОБ субъектілерінің саны 106,5 мың бірлікті құрайды. 

"Жол картасы бизнесі – 2020" шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша биыл астанада 23,3 млрд теңге көлемінде 66 жобаны іске асыру үшін несие берілді. 

Жергілікті 5 бағдарлама шеңберінде ("Астана Бизнес", "Astana ZhasStart", "Astana Startup" және 2 жаңа бағдарлама "Аstana Retail", "Astana Service") жыл басынан 793,7 млн теңге көлемінде 13 жобаға қолдау көрсетті. 

Сонымен бірге, "Мемлекеттік статистика туралы" Заңына сәйкес ШОБ субъектілері статистикалық мәліметтер мен статистикалық әдістемелер кестесіне сәйкес алғашқы расталған мәліметтерін ұсынуы міндеттелді. Өткізуге жататын статистикалық есептің тізімі   www.stat.gov.kz статистика жөніндегі комитеттің сайтындағы "Респондент кабинетінде" жарияланды. Ал "Респонденттер үшін" бөлімінде БИН енгізу қолжетімді. Сонымен қатар "Респондент кабинетінде" статистикалық есепті онлайн түрінде де беруге болады. 

Есеп тапсырмағандар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу