Кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілмек

5350

Кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілмек

Жеке кәсібін ашуға ниет еткендерге 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант берілмек. Алайда бұл жеңілдік еліміздің солтүстік өңірлері, Павлодар, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына ерікті түрде қоныс аударатындарға ғана ұсынылмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Оның мәліметіне сүйенсек гранттар келер жылдан бастап таратылмақ. Дегенмен, бюджеттен бөлінетін қаржының жалпы сомасы әлі бекітілмеген. Сондай-ақ, Үкімет кәсібін дөңгелетемін дегендерге қойылар талаптардың тізімін де әзірлеуде.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

"Ол кісілерге біз тегін өзінің бизнес идеясын іске асыруға грант қарастыруды ұсынып жатырмыз 5 млн теңгеге дейін берсек деп. Сол өңірлерге біздің халыө өз еркімен көшіп жұмыс істеймін десе мемлекеттің тарапынан қолдау көрсетуге даярмыз"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу