Кәсіпкерлерге қандай салық жеңілдігі жасалды?

1731

Үкімет шағын, орта және ірі бизнеске  қолдау көрсету үшін жаңа қаулы әзірлеп жатыр.

Кәсіпкерлерге қандай салық жеңілдігі жасалды?

Бұл туралы "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров мәлімдеме жасады. 

"Үкімет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге салық жеңілдігін жасау үшін  20 және 27 наурызда арнайы қаулы қабылдады. Соған сәйкес, 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, дене шынықтыру және спорт ғимараттары, туризм, қоғамдық тамақтану, қонақ үй қызметі салалары бойынша мүлік салығынан босатылды", – деді Ербол Үстеміров.

Оның айтуынша, 2020 жылғы 1 қазанға дейін әлемеуметтік маңызы бар тұтыну тауарларына салынатын қосымша құн салығы 8%-ға азайтылды

"Жеке кәсіпкерлер 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін табыс салығын төлеуден босатылды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер жер салығын төлемеуге рұқсат берілді. Микро, шағын және орта бизнес субъектілерінің барлық салық түрлері мен басқа да міндетті төлемдердің мерзімін ұзартылды", – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет жаңа қаулы әзірлеп жатыр. Құжатта кәсіпкерлерді еңбекақы төлеу қорынан төленетін салық пен әлеуметтік төлемнен босату мәселесі қарастырылып жатыр. 

"Қаулы қабылданғанда шағын, орта және ірі бизнес субъектілері жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, зейнетақы қорына төлем аударудан, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем жасаудан босатылады. Шағын және орта бизнес өкілдеріне 29, ірі бизнес субъектілеріне 10 бағыт бойынша жеңілдік жасалады", – деді Ербол Үстеміров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу