Кәсіпкерлерге кедергі келтірген 30 табиғи монополия субъектісі жауапқа тартылды

284

Бизнестің дамуы ашық әрі түсінікті қағидалардан басталады. Алайда прокурорлар жүргізген тексеру жекелеген табиғи монополия субъектілерінің кәсіпкерлер мен инвесторларға әкімшілік кедергілер жасағанын көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпкерлерге кедергі келтірген 30 табиғи монополия субъектісі жауапқа тартылды Фото: canva

Прокурорлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп табиғи монополия субъектілерінің қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізді.

Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар беруден негізсіз бас тарту және бос қуаттар туралы ақпаратты жасыру фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 30 табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу