Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасалуы ықтимал

945

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметке карантин шектеулері алынғанға дейін кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасау мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Кәсіпкерлерге салықтық жеңілдік жасалуы ықтимал Фото: inbusiness.kz

Бүгін Президенттің төрағалығымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес өтті. Онда Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметке төмендегі мәселелерді пысықтауды тапсырды. 

"Біріншіден, (коронавирус пандемиясынан – автор) зардап шеккен салаларда шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін жекелеген салықтар мен төлемдерді төлеуге кейінге қалдыруды енгізу;

Екіншіден, салық және кеден қарызын мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтата тұру.
Бұл шаралар жаппай вакцинация басталғанға дейін және көптеген карантин шектеуін алып тастағанға дейін қолданылуы керек", - деді кеңесте.

Сонымен қатар ол Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ несиелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу