Кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдың көлемі азаюы мүмкін

788

Кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдың көлемі азаюы мүмкін

Кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі 30%-ға азаюы мүмкін. Бұл мәселе еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерту мен толықтыру енгізу жайлы қоғамдық тыңдауда талқыланды, деп хабарлады Хабар 24.kz.

Аталған кодекске бұдан өзге де бірқатар түзету жасалады. Кез келген әкімшілік құқық бұзушылыққа ескерту жасау шарасы кеңінен қолданылмақ. Ал, болмашы әкімшілік жазаға тартылған адам кінәсін мойындап, 7 күн ішінде айыбын өтеймін десе, ол тек 50%-ын ғана төлейді.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 1700-ден астам құқық бұзушылықты қамтиды. Барлығын талдап, зерделедік. Соның ішінде 300-ге жуық бап бойынша осындай өзгерістер қолданылмақ. Атап айтқанда, айыппұл көлемін азайту 150-ден астам бап бойынша қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда ескерту шарасы 100-дей бапқа қатысты болады", - дейді ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Дархан Егімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу