Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

1798

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасы іске қосылды.

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі. Несие 6%-бен 7 жылға дейін берілетін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсаттарға 600 млрд теңге бөлінді, олар екінші деңгейдегі банктерде салынған: "Халық банкі" АҚ, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк Центр Кредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "Нұрбанк" АҚ.

Бағдарламаға 108 ЭҚЖЖ-ның бірінде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңсе құрылды, ол тұрақты негізде консультациялық қызмет көрсетеді. Кеңсе Республика даңғылы, 24, "Парасат" БО, 2-қабат мекенжайында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу