Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге 36 млрд теңге бағытталады

1044

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша берілетін несиенің жылдық сыйақы мөлшері 6 пайыз.

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге 36 млрд теңге бағытталады

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруге 36 млрд теңге бағытталады. Қомақты қаражат Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы үлестірілмек, деп хабарлайды Atameken Business. 

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша берілетін несиенің жылдық сыйақы мөлшері 6 процентті құрайды. Кредит сомасы мен жеңілдік мерзімі несие өніміне байланысты әртүрлі болады. Бағдарламаға ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіп түрлерімен айналысқысы келетіндер және кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтар қатыса алады.

Несие алушыларға қойылатын бірқатар талаптар да бар. Атап айтқанда, кәсібін енді бастайтын азаматтың кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс. Несие тарихы жақсы болғаны абзал. Кепілге қоятын мүлкі болуы шарт. Бұдан бөлек, бюджеттік және қаржы ұйымдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу