Кәсіпкерлерінің шағымына әкімдік мамандары жауап берді

1045

 Өскемен мен Семей кәсіпкерлерінің шағымына Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ресми жауап берді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Кәсіпкерлерінің шағымына әкімдік мамандары жауап берді

Жетінші маусымда өңірдің қос шаһарынан шыққан кәсіпкерлер облыс әкімін сыбайлас жемқорлықпен айыптап, қызметінен кетуін талап еткен еді. Осыған байланысты жергілікті билік дәлел ретінде құжаттарын көрсетіп, мердігерлермен жұмыс істеуге не себепті бас тартқандарын ашып айтты. Бұл әсіресе Семейдегі Жылу электр станциясына жер беруге қатысты. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, түрік инвесторы 5 бірдей балабақшаның құрылысын жүргізуде салғырттық танытқан. Қаржылық құқық бұзушылықтар тіркелген соң, мұндай мердігерге стратегиялық маңызы бар нысанды тұрғызуға рұқсат етілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу