Кәсіпкерлік бойынша актілердің 8%-ы жаңа реттеу саясаттың шарттарына сай емес

Өзгерістерді талап ететін шамамен 66 заң актісі анықталды. 

Кәсіпкерлік бойынша актілердің 8%-ы жаңа реттеу саясаттың шарттарына сай емес Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Кәсіпкерлік қызметті жаңа реттеудің барлық 44 саласы қаралды. Онда 2 823 нормативтік құқықтық акт талданып, 128 119 талап анықталды. Олардың ішінде талаптардың 10 108-і немесе 8%-ы жаңа реттеу саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді", – деді министр.

Өткен жылдан бастап реттеуші мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілер шеңберінде талаптардың күшін жою және қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

"Бұл жұмысты биылғы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Заңдар бойынша өзгерістерді талап ететін шамамен 66 заң актісі анықталды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін өткен жылы үйреншікті  әрі тексерілген тәсіл ұсынылды. Аталған тәсіл бойынша реттеудің әрбір саласындағы жұмыс топтары түзетулер әзірлеп, Ұлттық экономика министрлігіне жинақтауға жолдайды. Қазіргі уақытта министрлік бірыңғай пулды қалыптастыру мақсатында 15 сала бойынша түзетулер жинақтап алды, 17  сала бойынша түзетулер әлі күтілуде", – деді министр.

Айтуынша, түзетулердің бірыңғай пулы әзірленіп, келісілгеннен кейін   Парламентке енгізу сатысында тұрған Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң жобасына (9-пакет) енгізіледі.

"Осыған байланысты, мемлекеттік органдарға жұмыс тобының мүшелерімен  кодекстерге/заңдарға өз түзетулерін жедел пысықтауды тапсыруды және оларды жинақтау үшін           бiр аптаның iшiнде Ұлттық экономика министрлігіне ұсынуды, сондай-ақ құзыреті бойынша заңға тәуелді актілерге түзетулер енгізуді қамтамасыз етуді сұраймын", – деп қосты Ұлттық экономика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу