Кәсіпкерлік мақсатта 400 АЕК мөлшеріндегі грантты кімдер ала алады?

1378

Қаражат қайтарымсыз негізде беріледі.  

Кәсіпкерлік мақсатта 400 АЕК мөлшеріндегі грантты кімдер ала алады? Фото: egemen.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кәсіпкерлік мақсатта 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру мәселесіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Вице-министр кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында ұсынылатын 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант алу мүмкіндігі туралы айтты.

"Business.enbek.kz порталында 2023 жылғы 20 ақпаннан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға бірінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Республика бойынша бірінші ағын шеңберінде 2,5 мың грант беру жоспарланып отыр. Биыл барлығы 4 ағын болады, оның шеңберінде 9 мың грант беріледі", – деді Олжас Ордабаев журналистермен "галстуксіз" кездесу барысында.

Тіркелген жұмыссыздар мен тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • "қандас" мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің соңғы 3 жыл ішінде "Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтағаны туралы сертификаты болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу