Кәсіпкерлік субъектілері үшін елордада ашық есік күндері өткізіледі

794

Кәсіпкерлік субъектілері үшін елордада ашық есік күндері өткізіледі

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы  бойынша басқармасы ашық есік күндерін өткізіп жатыр, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Шараның мақсаты - қоғам өкілдерін толыққанды және жеткілікті түрде ақпараттандыру, және бақылаушы органдар тарапынан қысымды төмендету, жеке кәсіпкерлікті дамыту барысында әкімшілік кедергілерді жою.

Шара барысында жауапты қызметкерлер кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес беріп, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізетін тексерулерді жүргізудің тәртібін регламенттейтін заң талаптарын түсіндіреді. 

Ашық есік күндері сағат 10.00-ден бастап Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қ. бойынша басқармасында (Омаров к-сі 60, 103 каб. мекен-жайы бойынша) өтеді және 28 ақпанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу