Кәсіпкерлік субъектілеріне салынған айыппұл сомасы 9 миллион теңгені құрады

931

Кәсіпкерлік субъектілеріне  салынған айыппұл  сомасы 9 миллион теңгені құрады

Жыл басынан ҚР ӘҚК-нің 505 бабы бойынша 800-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері: дәмханалар, мейрамханалар, сауда үйлер мен сұлулық салондары жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды astana.gov.kz. 

Мысалы жақында "Орион" қонақ-үйінің қожайынына Пушкин көшесі бойынша орналасқан балабақша аумағына жуынды лас суды ағызғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде (68 070 теңге) айыппұл салынды. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері "Абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласы аумағында тазалықты қамтамасыз ету" ережесін ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу