Сөзінше, қазір 9 млрд теңге бөлініп тұр. Кредит наурыз айынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" арқылы үлестіріле бастайды. ГРАФ: Шарт бойынша азаматтар кепілдік қоя отырып, 5 млн теңгеге дейін қаражат ала алады. Оны 5-7 жыл ішінде қайтару қажет. Қаражат 21-ден 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде бөлінеді.
"9 млрд теңге бөлінді. Жастарға арналған. Өтінішті қазірден бастап Электронды еңбек биржасы арқылы берсе болады", деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу