Кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды

941

Қарағандыда лауазымды тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыппұл салынды.   

Кәсіпкерлікпен айналысқан шенеуніктер жазаланды

Қарағандыда аймақтық "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі бастығының орынбасары заңды белшесінен бұзып кәсіпкерлікпен айналысқан. Оның атына рәсімделген ЖК Теміртау қаласындағы мәдениет сарайына "Жауыртаудағы кездесу" фестиваліне "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 3,9 млн теңгеге қызмет көрсеткен.

Бизнеспен тасын өрге домалатқысы келген екінші мемлекеттік қызметкер Қазыбек би аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы болып қызмет атқаруда. Оның жеке кәсіпкерлігі ұйымдар мен мемлекеттік органдарға азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын жеткізіп отырған.

Сот үкімімен екі шенеунік әкімшіліктік құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 408 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу