Кәсіпкерлікте азаматтық заңнаманың жаңа жүйесі енгізілмек

1336

Елордада алғаш рет корпоративтік заңгерлер форумы өтті. 

Кәсіпкерлікте азаматтық заңнаманың жаңа жүйесі енгізілмек

Енді кәсіпкерлер арасындағы дау-дамайда сот келтірілген шығын мөлшерін анықтауға міндетті болады. Азаматтық заңнаманың жаңа нормасына осындай өзгеріс енбек, деп хабарлайды Atameken Business.­­

Әділет министрлігі өкілдерінің сөзінше, қазіргі таңда соттар дәйектер жеткіліксіз деген желеумен келтірілген шығын мөлшерін анықтаудан бас тартады. Осының салдарынан бизнесмендер орасан шығынға батуда.

"Бұл мәселе сот отырысындағы жарыссөз барысында ескерілетін болады. Егер шығынын дәлелдей алса кінәлі тарап оны өтеуге міндеттелмек. Жай ғана соттың бұл міселені қараудан бас тарта салғанына қарағанда, бұл жақсы тәжірибе ғой? Әркім өз шығынын өтетіп алуға құқылы. Осыны сот ескеруі керек",– дейді ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары Думан Сүлейменов.

Айта кетейік бүгін елордада тұңғыш рет корпоративтік заңгерлер форумы өтті. Онда құқықтанушылар елімізге ағылшын сот төрелігін енгізу мәселесін де талқылады. Сондай-ақ, қазір елімізде "Атамекен" ҰКП-ның бастамасымен корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес құрылған. Осыған орай палата өкілдері де заңнаманы жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

"Біздің ойымызша бірінші кезекте құжаттарды мұқият зерттеу керек. Мысалы кейде бір компанияда екі акционер болуы мүмкін. Олардың өзара келіспеушілігі компанияны банкротқа әкеледі. Бұл дұрыс емес. Біз осындай жағдайда шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін ескеруіміз қажет. Арбитраздық соттық маңыздылығын арттыру қажет деп ойлаймыз",– дейді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу