Кәсіпкерлікті алдын ала бақылайтын институт енгізілді

1371

Тексеріс жүргізудің мақсаты – кәсіпкерді жазаға тарту емес, заң талабы бұзылуының алдын алуға жәрдем мен кеңес беру. 

Кәсіпкерлікті алдын ала бақылайтын институт енгізілді

Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіндегі реформаға мен бизнестің құқығын қорғауға бағытталып қабылданған шаралар туралы мәлемдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Биыл ішінара тексерудің орнына "алдын ала бақылау" секілді жаңа институт енгізілді. Ол бизнес пен биліктің арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынасты құруға және бақылаушы органға сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, қазірде тексеріс жүргізудің мақсаты кәсіпкерді жазаға тарту емес, заң талабы бұзылуының алдын алуға жәрдем және кеңес беру", – деді Асланбек Жақыпов.

Бақылау субъектісіне анықталған заңбұзушылықты жою үшін белгілі бір уақыт беріледі. Егер ол жойылмаса, мемлекеттік органға қайтадан, демек жоспардан тыс тексеріс жүргізу құқығы беріледі.

"Осылайша аталған институт бизнесті шын мәнінде заң талабын әділ сақтауға ынталандыруға, сондай-ақ қызмет ету менталдылығын өзгерте отырып, тексерушілердің санасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді деп сенеміз", – деді ол.

Айта кетсек, Ұлттық экономика министрлігіне жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және олардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша бақылау функциясы берілген болатын. Яғни, бұл құзырет бізге кез келген мемлекетік органның кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізуін, рұқсат беру және рұқсаттамалар рәсімдерін көрсетуін, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін сақтауын тексеруге құқық береді.

Осылайша, заң талаптарының сақталуы жөніндегі тексеру бизнес субъектілеріне ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдарға да жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу