Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мыңнан астам адам қатысты

563

131,4 мың адам жұмысқа орналасты, оның 38,6 мыңы тұрақты жұмыс.  

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мыңнан астам адам қатысты Фото: pexels.com

Биыл 13 наурыздағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 178,9 мың адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 92,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 10,8 мың адам, жастар практикасымен 4,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 69,6 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 1,6 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 44 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 6 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 7,9 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 6,9 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 47,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 36,1 мың адам сертификат алды.

Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 29,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу