Кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды

625

Президент жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспары 102 іс-шараны қамтиды.  Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды

"Жалпыұлттық жоспардың жобасы 102 іс-шараны қамтиды. Бұл жолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін 5 бастаманы және 7 бағытты іске асыруды көздейді", – деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, бірінші бағытта – 27, екінші бағытта – 8, үшінші бағытта – 12, төртінші бағытта – 22, бесінші бағытта – 6, алтыншы бағытта – 13, жетінші бағытта – 5 іс-шара қамтылады. 

"Кәсіпкерлікті дамыту үшін "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларын жүзеге асыру 2022 жылы жалғасады. Қаржыландыру көлемі кемінде 1 трлн теңгені құрайды. Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру мақсатында мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Тұжырымда бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтиды", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу