Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқасында 10 жылда қазынаға 2 трлн теңге салық түсті

731

Бұл жағдай мемлекеттік бағдарламалар қатарын қарап, олардың механизмін зерттеп, ақшасын есептеуге мәжбүрлеп отыр.    

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқасында 10 жылда қазынаға 2 трлн теңге салық түсті

Санаққа жүгінсек, елімізде кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 5 мемлекеттік бағдарлама бар екен, деп хабарлайды Аtameken Business.

Олар "Бизнестің жол картасы 2025", "Қарапайым заттар экономикасы", "Еңбек", "Бизнес бастау" және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры". Осы жобалар аясында өткен жылы 47 мыңнан астам жобаға 2,5 трлн теңге жеңілдетілген несие бөлінді. Бұл 2015-ші жылғы көрсеткіштен 9 есе көп. Субсидияға сұраныс көбіне Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарынан түскен.

Жалпы соңғы 10 жылда кәсіпкерлерді қолдау нәтижесінде 27 трлн теңгеге өнім шығарылған. Қазынаға 2 трлн теңге салық түсті. 600 мың жұмыс орны сақталып, жаңадан 170 мың қызметтік орын құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу