Кәсіпкерлікті қолдау орталығы 90 мыңнан астам адамға кеңес берді

759

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өткен жылы шаһар басшысының бастамасымен құрылған "Алматы Бизнес 2025" бағдарламасы туралы сөз қозғады. Оның сөзінше жоба аясында 5 негізгі бағытты белгілеген. 

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы 90 мыңнан астам адамға кеңес берді

"Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау орталығы, жеке қарыз беретін микроқаржылық институттар құру, өндірістік парктер ашу бар. Бұл бағыттардың барлығы жыл бойы, әсіресе, Төтенше жағдай, карантин кезінде өз тиімтілігін көрсетті, белсенді жұмыс істеді. Осы қысқа ғана уақыттың ішінде кәсіпкерлікті қолдау орталығы бизнесті бастаған және бұрыннан кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларға 90 мыңнан астап көмек көрсетті, кеңес берді. Оның ішінде жалпы құны 42 млрд теңге болатын 52 жоба бар. Бұған қоса "бір терезе" қағидасы бойынша 500-ден аса рұқсат беру құжаты рәсімделді", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу