Кәсіпкерлікті заңсыз тексеру қатаң қадағаланады - прокуратура

637

Кәсіпкерлікті заңсыз тексеру шектеледі. 

Кәсіпкерлікті заңсыз тексеру қатаң қадағаланады - прокуратура Фото: aikyn.kz

Алматыда "Атамекен" ұлттық кәсіперлер паласы мен қалалық прокуратура жаңа жобаны таныстырды. Енді үй жанындағы шағын дүкеннен бастап, ірі кәсіпорындарда арнайы QR-код тұрады. Бизнесмен кез-келген тексеріс туралы осы арқылы прокуратураға хабар бере алады. Жауапты орган тексерістің заңды немесе заңсыз екенін сол күні-ақ анықтап береді. Қажет болған жағдайда арнайы мобильді топ та шығып, мәселені сол жерде шешеді, деп сендірді ұйымдастырушылар. 

"Заңсыз тексерулер бойынша құқықбұзушылық бойынша бізге 500 астам өтініш келді. Соның ішінде көбісі шешілді. Кейбірі шешілген жоқ. Өйткені, жауапкершілік екі жақтан да болу керек қой. Кейбірі жұмыс барысында шешілді. Өйткені, жүйелік проблемалар болуы мүмкін", дейді Алматы қаласы "Атамекен" ҰКП төрағасы Әуез Тайымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу