Кәсіподақтар федерациясына жаңа төраға сайланды

980

Кәсіподақтар федерациясына жаңа төраға сайланды

ҚР кәсіподақтар федерациясына жаңа төраға сайланды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Бақытжан Әбдірайым ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды. Бүгін Астанада федерацияның бас кеңесі жаңа төрағаның кандидатурасына бірауыздан дауыс берді.

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы ҚРКФ төрағасы лауазымына сайланғанға дейін парламент мәжілісінің депутаты болды.

Бақытжан Жарылқасынұлы 52 жаста, түрлі салада еңбек өтіліне ие.

2013-2017 жылдар аралығында ҚРКФ басқарған Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы өз еркімен қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу