Кәсіпорындар көмір жағуды азайтқанда газ тапшылығы басталады

818

Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов сенатта өткен үкімет сағатында мәлім етті.

Кәсіпорындар көмір жағуды азайтқанда газ тапшылығы басталады

Оның айтуына қарағанда, тұтыну көлемі жылына 7 пайыз шамасында өсіп отыр.  

"2025 жылға қарай шамалы тапшылық болады деп болжап отырмыз. Егер біздің тау-кен металлургиялық кәсіпорындарымыз белсенді түрде көмірден газға көшетін болса, онда тапшылық елеулі болады", – деді Ақшолақов.

Газдың рөлі әлемдік экономикада да, отандық экономикада да өсіп барады. Ел ішінде газ тұтыну 2017 жылдан 2021 жылға дейін 18 млрд текше литрге дейін өсті. Көмірге қарағанда газдан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдық аз болып саналады.

Сенат депутаты Ерік Сұлтановтың айтуына қарағанда, жер қойнауын пайдаланушылар газ өндіру мен қайта өңдеуге аса құлықты емес. Себебі бағасы төмен. 

Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында, ТМД-да Ресей мен Түркіменстаннан кейін үшінші орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу