Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы 13 сәуірге дейін тоқтатылады

1421

Мемлекеттік комиссия олардың жұмысын тоқтата тұруды тағы да ұзартуды ұйғарды.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы 13 сәуірге дейін тоқтатылады

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшіне енген жұмыссыз режимді осы жылдың 13 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы үкімет басшысының сайтында хабарланды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Отырыста 27 наурыз күні қабылданған (30 наурыз бен 5 сәуір аралығында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы) шешім өзгертіліп, енді жұмыссыз режимді 13 сәуірге дейін ұзарту ұйғарылды.

Аталған шешімнің қызметі екі мегаполистің тіршілік әрекетін қамтамасыз етумен және тұрғындардың денсаулығымен байланысты ұйымдарға қатысы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу