Кәсіпорындар толықтай немесе ішінара заңсыз жұмыс істейді

463

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 млн 300 мың екенін жариялады.  

Кәсіпорындар толықтай немесе ішінара заңсыз жұмыс істейді

"Соңғы жылдары белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы саны өсіп келеді. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша олардың саны 1 млн 300 мыңнан асты", – деді ол. 

Сенат төрағасының сөзінше, бізде технологиялық стартаптар, өндіріспен айналысатын экспорттаушылар мен шағын және орта кәсіпорындар жеткіліксіз. 

"Еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қызметі – сауда саласы. Бұл бағытта субъектілердің үштен бірі және шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың үштен бірі қызмет етеді. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың елеулі үлесі толықтай немесе ішінара көлеңкеде жұмыс істейді. Бізге экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін арттыру үшін бұл секторды көлеңкеден шығарып, оның сапасын әртараптандыру маңызды", – деді Мәулен Әшімбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу