Кәсіпорындарда 130 мыңға жуық маман тапшы

219

Кадрларға қажеттілікті анықтау үшін бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізілді.

Кәсіпорындарда 130 мыңға жуық маман тапшы Фото: canva.com

Нәтижесінде 13 176 кәсіпорынға 130 562 маман қажет екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдағы жылдарға кадрларға қажеттілікті анықтау үшін жыл сайын бизнес субъектілері арасында сауалнама жүргізеді.

2024 жылы 50 мыңға жуық бизнес субъектілері сауалнамаға қатысып, олардың ішінде 13 176 кәсіпорын 130 562 маман қажет екенін көрсетті. Талдау нәтижелері жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. 

Жалпы Ұлттық палата кәсіпорындар мен колледждер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіреді, дуалды оқыту туралы жасалған шарттардың тізілімін жүргізеді, кәсіпорындардың тәлімгерлерін оқытуды жүргізеді. Мысалы, дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша жол картасы аясында 496 колледжбен және 75 мың студент даярлау бойынша 7 мыңнан астам кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды.

"2014 жылдан 2024 жылға дейін ҰКП үйлестіруімен 208 мыңнан астам студент дуалды оқытумен қамтылды оның 85% бітірген сәттен бастап алғашқы үш айда жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы дуальды оқыту шарттарының тізілімін іске асыру мен жүргізудің барлық процесін цифрландыру жоспарланып отыр", — деп атап өтті Райымбек Баталов.

Жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шеңберінде "Атамекен" ҰКП 2017 жылдан бастап, қазіргі уақытта Тізілімде барлығы 583 білім беру ұйымы бар. 67%-ы кәсіпкерлік субъектілері құрды, оның 237-сі кәсіпорындар жанынан, 186-сы колледждер жанынан, 149-ы дербес оқу орталықтары, 5-і қауымдастықтар жанынан және 6-ы жоғары оқу орындары жанынан құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу