"Бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен ауысу арқылы өңдеуші өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заң жобасын жыл соңына дейін қабылдау қажет", – деді министр.
Бейбіт Атамқұлов заң жобасы дайын өнімді өткізу және ішкі нарықты жаңа тауармен толықтыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен офтейк-келісімшарт пен офсеттік шарт пайдалануға, кәсіпорындардың сұранысы бойынша ынталандырудың жаңа құралы – өнеркәсіптік грант тағайындауға, ішкі нарықта ілгерілету мақсатында "жергілікті қамту" терминін "ел ішіндегі құндылық" болып өзгертуге мүмкіндік беретінін баяндады.
"Тиімді кәсіпорындарға шоғырландыру үшін қолдау шаралары басым тауарлар тізбесіндегі өндірушілерге ғана көрсетіледі. Тізбе өңдеуші өнеркәсіп салаларын қалыптастыратын орта және жоғары деңгейдегі 4 мыңнан астам тауардан тұрады. Құжатта бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасау арқылы ынталандыру шараларының кешені көзделген. Бұл кәсіпорындарға өз қызметін орта және ұзақ мерзімге жоспарлауға жағдай жасайды", – деді министр.
Қанат Махамбет